Қызылорда облыстық жастар орталығының 39 маманы бір күннің ішінде жұмыссыз қалды,- деп жазады Democrat.kz. сайты Opennews.kz ақпарат агенттігі.
27 ақпанда Жаналиевтің облыс әкіміне жолданған бір қызметтік хаттың негізінде 5 наурызда аймақ басшысының қаулысы шыққан көрінеді. Бірақ көрінеді дейтініміз бекер емес. Себебі сол қаулыны қызметкерлер тек сәуір айында ғана көреді. Сонда бұл қандай шешім? Халықтан да, қызметкерден де жасырын қабылданатын жабық саясат па?
Жауырды жаба тоқу жараны жазбайды. 1 сәуір күні басқарма басшысы Р.Каюповтың қатысуымен өткен жиналыста 44 маманның 39-ы қысқаратыны айтылған. Бірақ ешқандай нақты негіз, ешқандай ресми түсіндіру жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда бүгін барсың, ертең жоқсың деген әңгіме ғой.
Тек 13 сәуірде ғана оптимизация емес, нақты қысқарту екені белгілі болған. Ал енді заң қайда? Тәртіп қайда? Заң – бәріне ортақ деуші едік. Ендеше неге бір ай бұрын ескерту берілмеген? Қысқаратын лауазымдар ресми түрде көрсетілмеген? Бұйрықпен уақытылы таныстырылмаған?
Бұл сұрақтар жауапсыз қалса, бұл жай немқұрайдылық емес, бұл қызметкер құқығына салынған салмақ. Тағы бір күмәнді тұс шешімнің негізі. Қысқартуға облыс әкімінің нақты қаулысы бар ма, әлде бәрі бір қызметтік хаттың көлеңкесінде шешілген бе? Басқарма өкілдері бұл жағдайдың әкімдікке қатысы жоқ, бұл ішкі шешім дейді. Онда сұрақ одан сайын қоюлана түседі. Аймақ басшысы бұл жағдайдан хабардар ма, әлде біреулердің өз бетінше ойнаған ойыны ма?
14 сәуірде орталықтың міндетін атқарушысы Т. Амануллаева еңбекке жарамсыздыққа кетеді. Бірақ артында орнына адам қалдырмайды. Соның салдарынан тұтас бір мекеме басқарусыз қалады. Ең сорақысы екінші орынбасар Г. Айдарбекова жұмыс орнында бола тұра, оған басқару сеніп тапсырылмаған. Бұл не? Сенімсіздік пе, әлде әдейі жасалған бейберекеттік пе?
13 сәуірде шыққан бұйрықпен қызметкерлер тек 24 сәуірде танысады. Ал сол кезде еңбекке жарамсыздықта жүрген басшы Т. Амануллаева бұйрықпен танысып, қол қойып үлгерген. Бірақ ұжымға жеткізбеген. Бұл қалай болғаны?
Бұл жерде бір емес, бірнеше шындық қатар тұр. Ашықтық жоқ, тәртіп жоқ, жауапкершілік жоқ. Ал ең қиыны осының бәрінің ортасында 39 маман тұр.
39 маман бір сәтте жұмыстан айырылды
Фото интернеттен.
-
"Үлкен өзгеріс ендіреміз": Вице-президент Ерлан Қарин маңызды мәлімдеме жасады09:00, 03 қараша 2026
72
-
Болгарияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр: басты үміткерлер кім?18:00, 02 қараша 2026
87
-
-
Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы тасымалдау көлемі 7 миллион тоннаға жетуі мүмкін: не кедергі?17:00, 02 қараша 2026
86
-
-
Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді16:06, 02 қараша 2026
97
-
Қараша жылы басталғанымен, аяз күшейеді: Қазақстанда ауа райы қандай болады?16:00, 02 қараша 2026
105
-
«Қала қараусыз қалған еді»: Теміртауда Тоқаев айтқан өзгерістер жүзеге аса бастады15:45, 02 қараша 2026
110
-
Коммуналдық төлемді төлеу қиындаса, мемлекет көмектесе алады: тұрғын үй көмегін кім алады?15:30, 02 қараша 2026
105
-
Тоқаевтың Теміртауға қатысты батыл шешімі: Құлдыраған комбинат қалай қайта жаңғыра бастады?15:13, 02 қараша 2026
112
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6103
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5940
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4617
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4365
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3945
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3326
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3042
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3027
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2860