Ақбота Керімбекова көрген зорлық-зомбылығы туралы бар құпиясын ашты

Ақбота Керімбекова көрген зорлық-зомбылығы туралы бар құпиясын ашты

Әнші Ақбота Керімбекова отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбын қозғап, мұндай жағдайға өзінің де куә болғанын айтты, деп жазады Democrat.kz.

Өнер иесінің сөзінен отбасындағы жанжал мен күш көрсету тек ерлі-зайыптылардың арасындағы мәселе болып қалмайтыны аңғарылады. Мұндай көріністі көріп өскен баланың санасында оның ізі ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

Ақбота Керімбекова өмірінде кездескен қиындықтар туралы айта келе, сырт көзге бәрі жақсы көрінгенімен, әр адамның ішінде жұрт біле бермейтін ауыр естелік болуы мүмкін екенін жеткізді.

"Анам менен кейін көтере алмады. Мен жалғыз қызбын. Әкем сол ұлы болмағаны үшін маған да, анама да қол көтеретін. Ол кезде бала едім. Қынжылатынмын. "Папам үйге келмесе екен" деп тілейтінмін. Кейін естідік, әкемнің басқа отбасы барын. Мен шыны керек оған қуандым", - дейді әнші.

Айта кетейік, әнші бұған дейін де жеке өміріндегі қиын кезеңдері туралы ашық айтқан. Бұрынғы сұхбаттарының бірінде отбасында күш көрсетуге өзі де тап болғанын, тіпті миы шайқалып, ауруханаға түскен кезі болғанын мәлімдеген еді.

 
 
Барлық жаңалықтар