Кім қай министрлікке келді?

Кім қай министрлікке келді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Үкімет құрамындағы бірқатар лауазымды тұлға қызметіне қайта тағайындалды. Олардың қатарында Премьер-Министрдің орынбасарлары мен бірнеше министр бар, деп жазады Democrat.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Жаслан Мәдиев Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне, ал Қанат Бозымбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Президент Жарлықтарына сәйкес Үкімет құрамындағы бірқатар министр де өз қызметін жалғастырады.

Атап айтқанда:

  • Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі;
  • Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;
  • Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі;
  • Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
  • Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі;
  • Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;
  • Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі;
  • Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі;
  • Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі.

Осылайша, аталған лауазымды тұлғалар Мемлекет басшысының тиісті Жарлықтарымен Үкімет құрамындағы қызметтеріне тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин де қызметтеріне қайта тағайындалған болатын.

Барлық жаңалықтар