Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында кезекті рет жазба жариялап, өз пікірін білдіріп, оқырмандарының қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Баян Мақсатқызы: "Мен дін дегеннен және оның бітпейтін тыйымдарынан шаршадым. Мені тозақпен қорқытудың түкке қажеті жоқ.
Ондай нәрсеге сенбеймін. Жер бетіндегі ешбір адам тозақтың барын дәлелдеп айта да алмайды. Жәннат бар, ол жақта 72 хор қызы бар беріледі дейді.
Сол 72 хор қызы әр күн сайын пәк болып қалатыны айтылады. Маған қызығы, сол пәк қыздарды әлгілер несімен қыздығынан айырмақшы, маған осы қызық. Осыны ойланған, білетін адам бар ма?"- деп жазды.
Әдеттегідей дінге сенетіндер де бұл жолы тызылдап, пікір жазып, білгендерін тықпалауға тыраштанды. Әйтсе де, оларды назарға алған Баян Мақсаты болмады.

