«Қазақмыс» Тобы тау-кен және металлургия кәсіпорындарының әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыруда. Жұмыс аясында тұрмыстық корпустар, жатақханалар, асханалар, жуынатын бөлмелер, медициналық пункттер және жұмыскерлердің күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ететін өзге де нысандар жөнделуде деп жазады Democrat. kz.
Бағдарлама Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлеріндегі, сондай-ақ Шатыркөл алаңындағы 90 нысанды қамтыды. Бүгінгі таңда 34 нысанда жөндеу аяқталды, 30 нысанда құрылыс-монтаждау жұмысы жүргізілуде, тағы 26 нысанды жаңартуға дайындық жұмысы қолға алынды.
«Jezqazgan Tau-ken ondirisi» өндірістік бірлестігінің кәсіпорындарындағы 17 нысанда жөндеу жұмысы аяқталды. Атап айтқанда, Батыс Жезқазған кенішінде 73-75-шахтаның тұрмыстық корпусы жөнделіп, жылы өткел қалпына келтірілді, сондай-ақ медициналық тексеруден өткізетін автоматтандырылған жүйе орнатылды. Оңтүстік Жезқазған кенішінде әкімшілік-тұрмыстық корпустың тұрмыстық бөлмелері мен шатыры жаңартылды. Ал Жомарт кенішінде тұрмыстық корпустар, терезе және есік блоктары жөндеуден өтті.
Балқаш өңірінде «Balqash Tau-ken ondirisi» өндірістік бірлестігінің 6 нысанында жөндеу жұмысы аяқталды. Саяқ кенішінде «Тастау» асханасы, жуынатын бөлмелер мен сауна жөнделіп, желдету жүйесі жаңартылды. Сондай-ақ Балқаштың өндірістік алаңдарында киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер және әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар жөндеуден өтті.
Шатыркөл алаңында әкімшілік-тұрмыстық және тұрғын үй-жайлар, медициналық пункт, кір жуатын орын мен тамақтану бөлмесі жаңартылды.
Қарағанды өңірінде «Qaragayly Tau-ken ondirisi» өндірістік бірлестігінің 6 нысанында жөндеу жұмысы аяқталды. Қарағайлы байыту фабрикасында асхана мен жуынатын бөлме жаңартылды. Қажықонған және Абыз кеніштерінде тұрғын модульдер мен өндірістік-тұрмыстық үй-жайлар жөндеуден өтті.
«Kazakhmys Smelting» кәсіпорындарында Балқаш мыс балқыту зауытының санитарлық-тұрмыстық үй-жайларына және Жезқазған мыс балқыту зауытының балқыту цехындағы жуынатын бөлмелерге күрделі жөндеу жүргізілді.
Жөндеу жұмысы басқа да өндірістік алаңдарда жалғасуда. Олардың қатарында Жомарт кенішіндегі 330 орындық жатақхана, Жезқазған байыту фабрикаларының тұрмыстық корпустары мен медициналық пункті, Нұрқазған, Абыз және Саяқ кеніштерінің әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлары, сондай-ақ байыту фабрикалары мен жөндеу бөлімшелерінің нысандары бар.
Тұрмыстық нысандарды жаңарту жұмыскерлерге ауысым кезінде қолайлы жағдай жасауды көздейді. Бұл медициналық тексеруден өту мен жұмысқа дайындалудан бастап, тамақтану, демалу және жеке гигиена талаптарын сақтауға дейінгі күнделікті қажеттілікті қамтиды.
Қазақмыс үшін қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету тек өндірістік учаскелермен шектелмейді, жұмыскерлердің күнделікті тұрмыстық ортасын да қамтиды. Бағдарламаны іске асыру компания кәсіпорындарындағы әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың жай-күйін кезең-кезеңімен жақсартуға мүмкіндік береді.
Қазақмыс кәсіпорындарында 34 әлеуметтік-тұрмыстық нысан жөнделді
Фото "Қазақмыс".
-
Болгарияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр: басты үміткерлер кім?18:00, 02 қараша 2026
84
-
-
Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы тасымалдау көлемі 7 миллион тоннаға жетуі мүмкін: не кедергі?17:00, 02 қараша 2026
84
-
-
Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді16:06, 02 қараша 2026
95
-
Қараша жылы басталғанымен, аяз күшейеді: Қазақстанда ауа райы қандай болады?16:00, 02 қараша 2026
102
-
«Қала қараусыз қалған еді»: Теміртауда Тоқаев айтқан өзгерістер жүзеге аса бастады15:45, 02 қараша 2026
108
-
Коммуналдық төлемді төлеу қиындаса, мемлекет көмектесе алады: тұрғын үй көмегін кім алады?15:30, 02 қараша 2026
102
-
Тоқаевтың Теміртауға қатысты батыл шешімі: Құлдыраған комбинат қалай қайта жаңғыра бастады?15:13, 02 қараша 2026
110
-
Президент уәде берді, Теміртау өзгерді: Тоқаев екі жыл бұрынғы тапсырмасының нәтижесін көрді15:10, 02 қараша 2026
93
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6102
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5939
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4616
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4364
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3944
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3325
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3041
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3026
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2859