Соңғы тәулікте желіде «Asar Ume» қайырымдылық қорының атына сын қарша борады. Себеп — қордың көпбалалы анаға сыйлаған үйінің жағдайы. Журналист Диана Есжан түсірген бейнероликте қабырғасы қақыраған, есігі қисайған, едені шіріген үй көрініс тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары мұны нағыз «қорлау» деп бағалап, «қайырымдылық атымен ақша жинап, соның есебінен мұндай үй беру — халықты мазақ ету» деп ашуланды.
Пікірлер тасқыны:
– «Қай бетімен ұялмай ақша жинайды, егер беретін үйі осындай болса?» – деп жазды қолданушылардың бірі.
– «Сеніммен ел қаржы аударды, ал неге дұрыс үй алынбаған?» – деп тағы бірі сұрақ қойды.
– «Бастысы бердік қой, деп жауапкершілікті жеңілдетуге болмайды. Егер қайырымдылық жасаймыз десең, соны соңына дейін адамша жаса», – деп жазды Gulnur Talip атты оқырман.
Көпшілік қор басшыларын халықтың сенімін пайдаланды деп айыптап отыр.
– «Сенім деп бүкіл ел салды, түскен қаражатқа дұрыс үй неге алмадыңдар?»
– «Халықтың ақшасына бұлай бейқам қарауға болмайды», – деп жазды пікір қалдырушылар.
Кей қолданушылар керісінше қорды қорғауға тырысты.
Олардың айтуынша, үй арзан бағада алынған, бастысы баспана берілді. Бірақ көпшілік бұған қарсы шықты:
– «Арзанға адам тұрмайтын 20 адамдық үйді алғанша, аздап қымбатырақ болса да жағдайы дұрысын неге бермеске?»
Қоғам не талап етіп отыр:
Қазір жұрт «Asar Ume» мен өзге қайырымдылық қорларының ашықтығын талап етуде.
Журналист Диана Есжан өз парақшасында:
«Қорлардың былығы қашан ашылады? Бұл – халықтың ақшасы. Оны кім, қалай жұмсап жатқаны тексерілуі керек!» – деп жазды.
Желіде кей комментаторлар тіпті «енді мұндай қорларға ақша аударуды қойдық» деп мәлімдеген.
Енді «Asar Ume» қорының былығы әшкереленіп бастады
Фото интернеттен.
-
Энергия экспорттаушыдан интеллект экспорттаушыға: Қазақстанның цифрлық таңдауы10:43, 03 қараша 2026
0
-
"Тойтарыс беру керек":Ерлан Қарин діни тыйымдарға қатысты қатаң ескерту жасады10:32, 03 қараша 2026
7
-
«Биыл балалар мерекесіз қалады?»: Ата-аналар шу шығаруда10:32, 03 қараша 2026
5
-
"Министрліктің ықпалы шектеулі": Ардагер ұстаз жүйедегі үлкен қайшылықты әшкереледі09:55, 03 қараша 2026
82
-
"Үлкен өзгеріс ендіреміз": Вице-президент Ерлан Қарин маңызды мәлімдеме жасады09:00, 03 қараша 2026
125
-
Болгарияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр: басты үміткерлер кім?18:00, 02 қараша 2026
91
-
-
Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы тасымалдау көлемі 7 миллион тоннаға жетуі мүмкін: не кедергі?17:00, 02 қараша 2026
90
-
Instagram немесе TikTok-тағы жазба үшін жұмыстан шығара ала ма? Қазақстандағы еңбек құқығы нені айтады?16:30, 02 қараша 2026
100
-
Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді16:06, 02 қараша 2026
102
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6104
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5940
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4617
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4366
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3945
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3327
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3042
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3027
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2860