Министр Жұлдыз Сүлейменова маңызды мәлімдеме жасады

Министр Жұлдыз Сүлейменова маңызды мәлімдеме жасады

Оқу ағарту министрінің м.а. Жұлдыз Сүлейменова бірнеше күннен бері қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан "Абай" ұлттық мектебіне қатысты пікір білдіріп, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

«Абай ұлттық мектебінің» төңірегінде туындаған мәселеге байланысты Оқу-ағарту министрінің м.а. Жұлдыз Сүлейменова Алматы қаласына арнайы барғанын хабарлады. Айтуынша, ұлттық мектеп қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. «Барлық мәселелер, түлектердің ұсыныстары, сұрақтары талқыланып, жауаптары айтылды», - деді Ж. Сүлейменова.

Күні кеше «Абай ұлттық мектебінің» бір топ түлегі журналистерге хат жолдап, елдің талай белгілі азаматын түлеткен қарашаңырақтың бүгінгі жағдайына алаңдайтынын айтып, мектепте қордаланған мәселелерге назар аударуды сұраған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігінің Ішкі аудит департаменті «Абай ұлттық мектебі» РММ-де жүргізген аудит қорытындысында мектепте жалпы сомасы 10,8 миллиард теңгеден астам бұзушылық анықталғанын хабарлаған болатын. Аудит қорытындысы бойынша 4 материал құқық қорғау органдарына жолданып, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 24 айыппұл салуға қатысты құжаттар уәкілетті органдарға жіберілген.

Барлық жаңалықтар