Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысының негізгі келісімшартына қол қойылды

Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысының негізгі келісімшартына қол қойылды

Қазақстанның алғашқы атом электр станциясын салу жобасы қағаздағы жоспардан нақты құрылыс кезеңіне жақындады. Владивостокта станцияны жобалау, жабдықтау және салу бойынша келісімшартқа қол қойылды, деп жазады Democrat.kz.

3 қыркүйекте Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстанның алғашқы атом электр станциясына қатысты маңызды құжатқа қол қойылды.

Келісім Қазақстанның «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясы мен «Росатом» құрамындағы «Атомстройэкспорт» арасында жасалған.

Құжат АЭС-ті жобалау, қажетті жабдықтарды жеткізу және станцияны салу жұмыстарын қамтиды.

Рәсімге Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев қатысқан.

Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес жоба енді қосымша мемлекеттік рәсімдер мен келісулерден өтеді.

Ресми тарап бұл келісім алғашқы АЭС жобасының практикалық кезеңге өткенін білдіретінін атап өтті.

Барлық жаңалықтар