Қазақстанда әрқайсысының құны миллиард доллардан асатын 13 ірі инвестициялық жоба жоспарланған. Олардың жалпы құны 124 млрд доллардан асып, энергетикадан бастап металлургия мен сутегі өндірісіне дейінгі салаларды қамтиды, деп жазады Democrat.kz.
Жобалардың бір бөлігі құрылыс кезеңіне өткен, ал кейбірі әлі келіссөз және жобалау сатысында.
Ең қымбат бастамалардың бірі — Маңғыстау облысындағы Hyrasia One жобасы. Оның болжамды құны 40–50 млрд доллар аралығында.
Қазақстан Теңіз кен орнын кеңейту секілді ірі жобалар аяқталғаннан кейін экономикалық өсімді сақтап қалуға мүмкіндік беретін жаңа инвестициялық жобаларды тартуға тырысып жатыр.
Ірі бастамалардың арасында энергетика, мұнай-газ химиясы, жаңартылатын энергия, жасыл сутегі және тау-кен өндірісі бар.
Мұндай мегажобалардың барлығы бір уақытта іске қосылмауы мүмкін. Кейбірі инвестициялық шешім қабылданғанға дейін бірнеше жыл бойы зерттеліп, келіссөзден өтеді.