Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп жазады Democrat.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Серік Мақашұлы Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметін атқаруды жалғастырады.
«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген құжатта.
Осылайша, Серік Жұманғарин Үкімет құрамындағы бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды.