Желіде танымал продюсер Баян Алагөзованың «КешYou» тобының 20 жылдығына орай түсірген жаңа жобасы қызу талқыға түсіп жатыр. Көрермендердің бірі аталмыш туындыны «өте әлсіз» деп бағалап, продюсерді арзан хайп қуды деп айыптауда деп жазады Democrat.kz.
Гауһар Өтелбаева есімді желі қолданушысы Facebook парақшасында фильмге қатысты көлемді пікір қалдырды. Ол Баян Мақсатқызын ықпалды әрі тәжірибелі маман ретінде қатты құрметтейтінін, алайда бұл жобаның мүлдем көңіл көншітпегенін ашық айтты. Оның пікірінше, фильмде шығармашылық жолдан гөрі, топ ішіндегі «лас» оқиғаларға басымдық берілген.
«Мәселе монтаж бен суреттің сапасында емес. Мәселе бізге нені “жегізгісі” келетінінде! Көрерменге лас дүниелер, ұрыс-керіс, ішкі жанжалдар арқылы шоу ұсыну идеясы бірден байқалады. Өйткені бұл жақсы өтеді. Бірақ мен бұған келіспеймін! Шоу-бизнестегі әйелдер, олардың өсу жолы мен индустрия туралы өте мықты, лайықты дүние жасауға болар еді. Қарауға ұялатын “ас үйдегі” ұрыс-керіссіз-ақ», – деп жазды ол.
Сонымен қатар, жазба авторы «КешYou» тобының «аңыз» екеніне де күмән келтірді. Ол топтың уақыт сынынан өткен мықты хиттерін есіне түсіре алмайтынын, ал одан шыққан әншілердің (Жанар Дұғалованы қоспағанда) тұтас бір дәуірді айқындайтын жұлдызға айналмағанын алға тартты.
Сөз соңында автор продюсерге тікелей үндеу тастады:
«Баян Мақсатқызы, сіздің деңгейіңіз бен мәртебеңізде бірдеңені жанжал арқылы дәлелдеудің қажеті жоқ. Екі-үш күн талқыланып қоя салатын емес, шынымен із қалдыратын өнім көргіміз келеді. Шу үшін жасалатын шоу жетер енді! Өзіңіздің қолыңыздан келетіндей шынымен мықты дүние беріңізші!»
Айта кетейік, әлеуметтік желіде бұл пікірді қостап, фильмнің тым ашық әрі даулы тұстарын сынап жатқан оқырмандар қарасы қалың.
«Лас дүниемен айналысып жүр»: Баян Алагөзова туралы сұмдық нәрсе айтылды
Баян Мақсатқызы. Фото интернеттен.
-
Білім саласында өзгерістер: Оқу-ағарту министрлігінің өкілі маңызды мәлімдеме жасады11:40, 03 қараша 2026
1
-
"Тыныш отыр!": Мұрат Әбенов білім жүйесінің ең осал тұсын ашып айтты10:50, 03 қараша 2026
115
-
Энергия экспорттаушыдан интеллект экспорттаушыға: Қазақстанның цифрлық таңдауы10:43, 03 қараша 2026
32
-
"Тойтарыс беру керек":Ерлан Қарин діни тыйымдарға қатысты қатаң ескерту жасады10:32, 03 қараша 2026
83
-
«Биыл балалар мерекесіз қалады?»: Ата-аналар шу шығаруда10:32, 03 қараша 2026
40
-
"Министрліктің ықпалы шектеулі": Ардагер ұстаз жүйедегі үлкен қайшылықты әшкереледі09:55, 03 қараша 2026
121
-
"Үлкен өзгеріс ендіреміз": Вице-президент Ерлан Қарин маңызды мәлімдеме жасады09:00, 03 қараша 2026
161
-
Болгарияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр: басты үміткерлер кім?18:00, 02 қараша 2026
93
-
Астанадағы тұрғын үй құрылысына қатысты іс: 292 азамат зардап шеккен, шығын 4 миллиард теңгеден асады17:30, 02 қараша 2026
102
-
Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы тасымалдау көлемі 7 миллион тоннаға жетуі мүмкін: не кедергі?17:00, 02 қараша 2026
92
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6105
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5941
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4617
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4366
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3945
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3327
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3042
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3027
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2860