Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады, деп жазады Democrat.kz.
Мемлекет басшысына Орталық Азия мен Кавказда жетекші орын алатын Air Astana компаниясының операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе паркін 2026-2027 жылдары Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отырғаны баяндалды.
Компания Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа және Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берген. Олар 2036 жылға дейін жеткізіледі.
Ибрагим Жанлыел Президентке компанияның ұзақмерзімді даму стратегиясын таныстырды. Аталған құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға және компания қызметін халықаралық деңгейде кеңейтуге бағытталған.
Air Astana бағыт санын көбейтіп, мультимодальді тасымалды дамытуды, сондай-ақ ұшу жиілігін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуге баса мән беріледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев әуе паркін толықтыру, бағыттар желісін арттыру және тасымалдау әлеуетін нығайту секілді стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асырудың маңызына тоқталды. Президент АҚШ және Жапония елдерімен тікелей әуе тасымалын ұйымдастыруды басымдық ретінде атады.
Мемлекет басшысы рейстің кешігуі, борттың ауысуы секілді жолаушылар тарапынан үнемі сын айтылатын мәселелерге назар аударып, қазақстандықтар жиі саяхаттайтын елдермен әуе тасымалын дамытуға шақырды.
Тоқаев Air Astana компаниясының даму жоспарымен танысты
Фото: Ақорда
-
Зейнет жасы қайта көтеріледі: Қазақстандық әйелдерді үлкен өзгеріс күтіп тұр12:30, 03 қараша 2026
38
-
"Арыздасу, бақұлдасу": Ахметбек Нұрсила елге аманатын жариялады12:00, 03 қараша 2026
61
-
Білім саласында өзгерістер: Оқу-ағарту министрлігінің өкілі маңызды мәлімдеме жасады11:40, 03 қараша 2026
76
-
"Тыныш отыр!": Мұрат Әбенов білім жүйесінің ең осал тұсын ашып айтты10:50, 03 қараша 2026
187
-
Энергия экспорттаушыдан интеллект экспорттаушыға: Қазақстанның цифрлық таңдауы10:43, 03 қараша 2026
40
-
"Тойтарыс беру керек":Ерлан Қарин діни тыйымдарға қатысты қатаң ескерту жасады10:32, 03 қараша 2026
129
-
«Биыл балалар мерекесіз қалады?»: Ата-аналар шу шығаруда10:32, 03 қараша 2026
47
-
"Министрліктің ықпалы шектеулі": Ардагер ұстаз жүйедегі үлкен қайшылықты әшкереледі09:55, 03 қараша 2026
140
-
"Үлкен өзгеріс ендіреміз": Вице-президент Ерлан Қарин маңызды мәлімдеме жасады09:00, 03 қараша 2026
181
-
Болгарияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр: басты үміткерлер кім?18:00, 02 қараша 2026
96
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6105
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5941
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4617
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4366
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3945
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3327
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3042
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3027
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2861