Қаңтардан кейін билікке Ермұрат Бапи ауадай қажет болды. Тәуелсіз журналистиканың аңызы, жылдар бойы оппозициялық шепте шыңдалған Бапидің Мәжіліске келуі Жаңа Қазақстанның «біз өзгердік, ескі гвардия келмеске кетті» деген риторикасының тірі айғағы еді деп жазады Democrat.kz. сайты Ertenmedia.kz. -ке сілтеме жасап.
Жаңа билік қалыптасып, ескі элитаның реваншистік амбициясы өте жоғары болған өтпелі кезеңде Ақордаға ескі жүйенің кез келген рефлексін бірден басып тастайтын, олардың заңсыз активтері мен кулуарлық қадамдарын қоғамға жария ететін «ақпараттық қару» керек болды. Бапи осы міндетті мінсіз атқарды.
Оның аузымен билік ескі кланның қалдықтарына, экс-елбасыға, оның тұңғыш қызына, күйеубаласына және басқа да ет жақындарына ұдайы соққы беріп отырды.
Біздіңше, Бапидің Құрылтай тізімінен табылмауы билік транзитінің екінші фазасы басталғанын білдіреді.
Ақорда үшін «Қаңтар оқиғасы» мен оның зардабы, ескі кланның қылмыстары туралы риторика өзінің саяси өтімділігін жоғалта бастағандай. Саяси элита өзара мәмілеге келіп, бейбітшілік келісіміне қол қойған сәтте, Бапи сияқты ымыраға көне бермейтін фигуралардың қажеттілігі азаяды. Ерекең әлгіндей келісімге қарамай, ескі кланды аяғына дейін төпелеуді тоқтатпас еді. Ол бар жерде элитааралық реваншизм тақырыбы күн тәртібінен түспес еді.
Ескі кланның негізгі қаржылық және саяси орталықтары бақылауға алынған бетте, Бапи сияқты «ауыр артиллерияны» алғы шепте ұстаудың қажеттілігі жойылғандай әсер қалдырады.
Ерекеңнің сөзі жүйе жазған сценарийден шығып кеткенін де мойындау керек. Оның бойындағы отыз жылдық шынайы оппозициялық табиғат пен журналистік инстинкт осы жасанды шеңбердің ішінде ұзақ тұра алмады...
"Транзиттің екінші фазасы": Ермұрат Бапи билікке керексіз болып қалды ма?
Ермұрат Бапи. Фото ашық дереккөзден.
-
Білім саласында өзгерістер: Оқу-ағарту министрлігінің өкілі маңызды мәлімдеме жасады11:40, 03 қараша 2026
1
-
"Тыныш отыр!": Мұрат Әбенов білім жүйесінің ең осал тұсын ашып айтты10:50, 03 қараша 2026
115
-
Энергия экспорттаушыдан интеллект экспорттаушыға: Қазақстанның цифрлық таңдауы10:43, 03 қараша 2026
32
-
"Тойтарыс беру керек":Ерлан Қарин діни тыйымдарға қатысты қатаң ескерту жасады10:32, 03 қараша 2026
83
-
«Биыл балалар мерекесіз қалады?»: Ата-аналар шу шығаруда10:32, 03 қараша 2026
40
-
"Министрліктің ықпалы шектеулі": Ардагер ұстаз жүйедегі үлкен қайшылықты әшкереледі09:55, 03 қараша 2026
121
-
"Үлкен өзгеріс ендіреміз": Вице-президент Ерлан Қарин маңызды мәлімдеме жасады09:00, 03 қараша 2026
161
-
Болгарияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр: басты үміткерлер кім?18:00, 02 қараша 2026
93
-
Астанадағы тұрғын үй құрылысына қатысты іс: 292 азамат зардап шеккен, шығын 4 миллиард теңгеден асады17:30, 02 қараша 2026
102
-
Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы тасымалдау көлемі 7 миллион тоннаға жетуі мүмкін: не кедергі?17:00, 02 қараша 2026
92
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6104
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5940
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4617
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4366
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3945
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3327
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3042
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3027
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2860