Ұлдана Мырзуанның нақты өлім себебі жарияланды

Ұлдана Мырзуанның нақты өлім себебі жарияланды

Сот-медициналық сарапшылар Астанада фасад бөлшектері құлаған кезде жараланған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлім себебін анықтады. Қорытынды бойынша оның өлімі ашық бас-ми жарақатының салдарынан болған, деп жазады Democrat.kz.

3 қыркүйектегі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов сот-медициналық сараптаманың қорытындысын жариялады.

Сарапшылар Ұлдана Мырзуанның өлімі ашық бас-ми жарақатының салдарынан болғанын анықтаған.

Қайғылы жағдай 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үй маңында болған.

Ғимарат фасадының кірпіш қаптамасының бір бөлігі мен кондиционер конструкциясы құлап, бес адам зардап шеккен.

Жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан оқиға орнына адамдарға көмек көрсету үшін келген еді. Ол ауыр жарақат алып, кейін ауруханада қайтыс болды.

Қазір сот ғимараттың техникалық жағдайына жауапты тұлғалардың әрекеттері мен апатқа әкелген себептерді зерттеп жатыр. 

Барлық жаңалықтар