1,4 млрд теңгелік теміржол жобасы аяқталмай қалды: АФМ тергеу бастады

1,4 млрд теңгелік теміржол жобасы аяқталмай қалды: АФМ тергеу бастады

Солтүстік Қазақстан облысында Сырымбет кен орнына теміржол салуға бөлінген 1,4 млрд теңгеге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жобаның мақсаты әлемдегі ірі қалайы кен орындарының біріне инфрақұрылым жеткізу болған, деп жазады Democrat.kz.

2017 жылы «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында Сырымбет кен орнына теміржол кірме жолын және инженерлік желілер салу туралы келісім жасалған.

Жобаны жүзеге асыруға бюджеттен шамамен 1,4 млрд теңге қарастырылған.

Алайда Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, құрылыс толық аяқталмаған.

Тергеу бюджет қаржысының бір бөлігін жымқыру белгілері болуы мүмкін деген күдікке байланысты жүргізіліп жатыр.

Сырымбет кен орны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан және қалайы қоры бойынша ірі кен орындарының бірі саналады.

Инфрақұрылымның аяқталмауы кен орнын толыққанды игеру мерзіміне де әсер етуі мүмкін.

Барлық жаңалықтар