Бударовтың бұл талабы ҚР Дін істері комитеті дайындаған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң бойынша дұп-дұрыс.
Себебі, сол заңда Қазақстан «ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халық мәдениеті мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитыны» жазылған.
Бударовтың ойынша, ханафиттерге қазынадан ақша бөлінсе, онда алаламай православтарға да бюджеттен ақша берілу керек...
Бұлай кете берсе, католик шіркеуіне діни қызметкерлер дайындауға да мемлекеттен ақша сұрайды.
Себебі, Назарбаев режимі тұсында біздің үкімет тыныш жүрмей тұштаңдап Рим папасымен де екіжақты меморандумға қол қойып, оны парламент ратификациялап тастаған.
Ертең Қазақстанда 500 мыңға жуық жамағаты бар протестант христиандар да мемлекеттің ақша беруін талап етеді.
Олардың арқасүйері қазір күшейді: АҚШ билігінен католик Байден кетіп, оның орнына адуан протестант Трамп келді... Трамппен тіресетін кім бар бізде?!.
Исламның ханафи ағымына тиесілі оқу орындарына мемлекеттен ақша бөлінгенін алға тартып «сүлейменшілер» де, «гүленшілер» де, «зікіршілер» де медреселеріне ақша беруді талап етеді.
Мердресесі жоқ сопылардың пірлері Исматулла тақсыр сияқты бюджеттің есебіннен «шілхана ашып беріңдер» деп талап қояды... Сонда нендей уәж айтады бұл үкімет?!.
Мен Конституцияға осындай қауіп төніп келе жатқанын жаздым ғой... Наурызбай Өтпеновті мүфтияттан қуып, ҚМДБ-ға түбегейлі реформа жасауды 5 жылдан бері айтып келемін.
Жанашыр сөзді ешкім құлағына ілмеді. Өтпеновті тағы да 5 жылға Бас мүфти қылды.
Ал Ақорданың идеологтары елдің келешігін ойлаған мен туралы «Ескі Қазақстанның құйыршығы», «оппозиция», «Әбілязовтің жақтасы», «исламның жауы», «тәңірші» деген сыпсың сөз таратып жіберді.
Мейлі ғой, «саяси имиджім бұзылып министр немесе депутат бола алмай қалатын болдым» деп қорқатын мен емес – өмірімнің соңына дейін журналист болып өтем. Гәп мұнда емес.
Ендігі гәп Бударовта. Ол министрлерге жазған талабында «Алма-Атинская православная духовная семинарияға» Қазақстан бюджетінен ақша бөлуден бас тартсаңдар, онда бұл мәселені халықаралық деңгейде көтерем депті.
Әрине, Бударов Қазақстан мүше болған БҰҰ мен «Ислам ынтымақтастық ұйымына» қайырылмайды, бірден Кремльдің қожайынына шағымданады.
Қысқартып айтсақ, оның халықаралық деп жүргені Путин ғой. Сонда бұл үкімет нендей уәж айтады?!." дейді журналист өз жазбасында.
Фото интернеттен.
Антон Бударов "ханафитке бөлінген бюджет ақшасы провославқа да бөлінсін!"деп талап қойды

-
Сербиядағы сайлауда студенттер қолдаған тізім жеңіске жетті17:30, 03 қараша 2026
1
-
Семей тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфирі үшін 86 мың теңге айыппұл төледі17:00, 03 қараша 2026
15
-
Қазақстанда көмірді цифрлық жүйе арқылы сату ұсынылды16:30, 03 қараша 2026
31
-
Қазақстанда несие беру көлемі азайды: банктердің жаңа үрдісі нені көрсетеді?16:00, 03 қараша 2026
37
-
Қазақстанда Амур атты екінші жолбарыс табиғи ортаға жіберілді15:30, 03 қараша 2026
43
-
Қазақстандық бүркіт GPS арқылы бақыланып, Өзбекстанға дейін ұшты15:00, 03 қараша 2026
44
-
173 мыңнан 538 мың теңгеге дейін: Қай пәннің мұғалімі көп жалақы алады?14:30, 03 қараша 2026
196
-
Қазақстанда инфляция 9,2 пайызға дейін төмендеді: азық-түлік бағасы қалай өзгерді?14:00, 03 қараша 2026
60
-
286 мың теңге жалақы: Оқу ағарту министрлігі конкурс жариялады13:45, 03 қараша 2026
154
-
"Жынымды келтірмеңдерші!": Ләйлә Сұлтанқызы жанайқайын жеткізді13:00, 03 қараша 2026
128
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6105
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5944
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4617
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4371
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3948
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3327
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3043
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3028
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2862