Біріншіден, министр Ғани Бейсембаевтың қолы қойылған бұл грамота тек 40 жылдан астам еңбек өтілі бар мұғалімдерге беріледі екен.
Екіншіден, грамота берілуі керек кісілердің тізімін кәсіподақ ұйымдары 11 қыркүйекке дейін жинақтаған.
Үшіншіден, мемлекеттік мекеменің грамотасын кәсіподақ сынды қоғамдық ұйым таратпақ.
Төртіншіден, жоғарыда аталған топтағы бүкіл пікірді шолып шықсаңыз, ОАМ беретін бұл грамота "тек өз адамдарына берілетіні" туралы көптеп жазылғанын көресіз.
Сонымен құжатта жазылғандай, ОАМ беретін бұл грамота тек кәсіподаққа мүше мұғалімдерге ғана беріледі екен. Бұл қалай? Кәсіподақ мұғалімнің жалақысынан жарна жинаудан басқа қандай маңызды істер атқаруда?
Естеріңізде болса, көп мұғалім пайдасыз кәсіподақ қатарынан өз еркімен шығып кеткен болатын.
Осы мәселеге қатысты бірнеше ұстаздың пікірін сұрап білдік.
Тарих пәнінің мұғалімі Дінмұхамет Әшенұлы: “Бұл жердегі негізгі мәселе - кәсіподақтан көптеп шыққан мұғалімді кері қайтару сияқты. Мұғалімге грамота керек. Категориясы үшін.
Ал ол грамотаны алғың келсе, кәсіподаққа мүше болуға тиіссің. Грамота алу үшін мұғалімді мәжбүрлеп осылай кәсіподаққа кіргізуді көздеп отыр деп ойлаймын. Ал заңға жүгінсек, уәкілетті органның грамотасын алуға бүкіл мұғалімнің қақысы бар.
Алайда министрлік мұғалімдердің осы құқығын бұзып, кәсіподақтың қолымен от көсеп отыр. Қоғамдық ұйымның министрліктің ісіне араласуға құқығы жоқ”, - дейді.
Елге танымал, тәжірибелі, белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы кәсіподақтың қоғамдық ұйым екенін айтып: “Кәсіподақтың мемлекеттік мекемелер ісіне араласуға, мемлекеттік мекеме марапаттарын беруге құқығы жоқ.
Интернетті ашып қарасаңыз, елімізде қаншама кәсіподақ барын көресіз. Оның ішінде мұғалімдердің кәсіподағы қаншама. Әр ауданда бір-бір кәсіподақ бар қазір.
Соның бәрі мемлекеттік мекемелердің, министрліктердің ішкі ісіне араласа берсе, не болады? Бардак болмай ма?! Бұның заңдылығын тексеру керек”, - дейді.
“Кәсіподақ - жарнасы мемлекеттік орган тарапынан тексерілмейтін ұйым. Жарғысын солай жасап қойған. Ал мына мәселеде грамотаны кәсіподаққа мүше мұғалімдерге беру арқылы министрлік мұғалімдер арасында алалау жасап отыр деп санаймын.
Кәсіподақта болу-болмау мұғалімнің өз еркіндегі шаруа. Министрлік алғыс хатты кәсіподақ арқылы бергізетін болса, онда мұғалімдерді сол ұйымға кіруге мәжбүрлеу емес пе?
Ал мұғалімді қорғамайтын кәсіподаққа кімнің мүше болғысы келеді? Жалпы, кәсіподақта мектеп директорына тәуелді адам отыратыны бар. Әрине, ондай адам директордың айтқанымен жүреді. Ал ондай ұйымның қажеті бар ма?", - дейді белсенді мұғалім Тілекқабыл Нұрыш.
P.S Естеріңізде болса, ресми ақпараттық сайт ретінде Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа сұрау салып үздіксіз мақала жариялап жүрміз. Өкінішке қарай, бүгінге дейін министрлік тарапынан бір де бір келген жауап жоқ. Білдей білім саласының тұтқасын ұстаған министр мұғалімдердің жанайқайын естімей ме, әлде естігісі келмей ме?
Дайындаған - Мәриям КЕНЕСАРЫ.
Democrat.kz.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Бұл - мұғалімді кәсіподаққа мәжбүрлеп кіргізудің бір жолы емес пе?

-
"Жынымды келтірмеңдерші!": Ләйлә Сұлтанқызы жанайқайын жеткізді13:00, 03 қараша 2026
56
-
Зейнет жасы қайта көтеріледі: Қазақстандық әйелдерді үлкен өзгеріс күтіп тұр12:30, 03 қараша 2026
86
-
"Арыздасу, бақұлдасу": Ахметбек Нұрсила елге аманатын жариялады12:00, 03 қараша 2026
80
-
Білім саласында өзгерістер: Оқу-ағарту министрлігінің өкілі маңызды мәлімдеме жасады11:40, 03 қараша 2026
89
-
"Тыныш отыр!": Мұрат Әбенов білім жүйесінің ең осал тұсын ашып айтты10:50, 03 қараша 2026
244
-
Энергия экспорттаушыдан интеллект экспорттаушыға: Қазақстанның цифрлық таңдауы10:43, 03 қараша 2026
46
-
"Тойтарыс беру керек":Ерлан Қарин діни тыйымдарға қатысты қатаң ескерту жасады10:32, 03 қараша 2026
160
-
«Биыл балалар мерекесіз қалады?»: Ата-аналар шу шығаруда10:32, 03 қараша 2026
58
-
"Министрліктің ықпалы шектеулі": Ардагер ұстаз жүйедегі үлкен қайшылықты әшкереледі09:55, 03 қараша 2026
152
-
"Үлкен өзгеріс ендіреміз": Вице-президент Ерлан Қарин маңызды мәлімдеме жасады09:00, 03 қараша 2026
200
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6105
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5942
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4617
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4369
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3945
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3327
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3042
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3028
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2861