"Қыздар, бір-бірімізге көмектесейік. Жалғыз тұрып жатқан қыздардың қауіпсіздігі үшін маңызды кеңестермен осы жазбаның астында бөлісейік. Мысалы, үйге кірген бетте жарықты бірден жақпаңыз", – деп ұсынды жазба авторы.Үй қауіпсіздігі Үйге кіре сала жарықты жақпаңыз – бұл үйіңіздің қайсы терезе екенін аңдып жүрген адамға белгі болуы мүмкін. Үйде біреу бардай әсер қалдыру үшін кіреберісте әрдайым әлсіз жарықты қосып қойыңыз. Есігіңізге сырттан ашылмайтын екінші құлып орнатып, түнде кілтті құлыпта қалдырыңыз. "Қауіпсіздік жүйесімен қорғалған!" деген секілді жапсырмалар жабыстырып қойыңыз – бұл пиғылы жаман адамдарды қорқытады. Мүмкін болса, бірінші қабаттан пәтер алмауға тырысыңыз – ол жерге кіру оңай. Жеке қауіпсіздік Ит асыраңыз – аздап үрудің өзі бөгде адамды үркітуге жеткілікті. Өзіңізбен бірге бұрыш баллоншасын алып жүріңіз және оны қалай қолдану керегін біліп алыңыз. Кіреберіске кірерде құлаққапты шешіп, маңайыңызды тыңдаңыз. Егер біреу сізді аңдып келе жатқандай көрінсе, бірден үйге кірмеңіз – жақын маңдағы дәріханаға, кафе немесе дүкенге кіріңіз не біреуге қоңырау шалыңыз. Қауіп төнгендей сезінсеңіз, телефонынмен қаттырақ дауыстап: "Алло, мен үйдің жанында тұрмын, шықшы қарсы ал!" деп айтыңыз. Ер адамның есімін атаған жақсы. Онлайн тапсырыс пен жеткізу Жеткізу қызметіне әйел адамның есімін жазбаңыз – ер адамның атын көрсетіңіз. Егер мүмкін болса, "есіктің алдына қалдырыңыз" деген белгіні қойыңыз, бөтен адамдарға есік ашпаңыз. Терезеден көрінетін пейзаж, үйіңіздің көшесі немесе геолокациямен сторис салмаңыз. Жеткізу қызметі немесе жөндеу шебері келетін болса, үйдің кіреберісіне үлкен ер адамға арналған тәпішке қойып қойыңыз – бұл үйде ер адамның бар екенін көрсетеді. Қыздар сондай-ақ ең жақсы "қауіпсіздік жүйесі" — көрші екенін еске салады. Көршілер бірдеңе байқап қалса немесе дауыс естісе, шұғыл әрекет етуі мүмкін. Сол себепті олармен жеке танысып, жылы қарым-қатынас орнатуға кеңес береді. Бір күні демалыс күндері печенье не бәліш пісіріп, көршіңізге сәлемдесіп барып шығыңыз.
“Курьерге өз есіміңді жазба“: Жалғыз тұратын қыздарға арналған кеңестер
-
"Жынымды келтірмеңдерші!": Ләйлә Сұлтанқызы жанайқайын жеткізді13:00, 03 қараша 2026
56
-
Зейнет жасы қайта көтеріледі: Қазақстандық әйелдерді үлкен өзгеріс күтіп тұр12:30, 03 қараша 2026
86
-
"Арыздасу, бақұлдасу": Ахметбек Нұрсила елге аманатын жариялады12:00, 03 қараша 2026
80
-
Білім саласында өзгерістер: Оқу-ағарту министрлігінің өкілі маңызды мәлімдеме жасады11:40, 03 қараша 2026
89
-
"Тыныш отыр!": Мұрат Әбенов білім жүйесінің ең осал тұсын ашып айтты10:50, 03 қараша 2026
244
-
Энергия экспорттаушыдан интеллект экспорттаушыға: Қазақстанның цифрлық таңдауы10:43, 03 қараша 2026
46
-
"Тойтарыс беру керек":Ерлан Қарин діни тыйымдарға қатысты қатаң ескерту жасады10:32, 03 қараша 2026
160
-
«Биыл балалар мерекесіз қалады?»: Ата-аналар шу шығаруда10:32, 03 қараша 2026
58
-
"Министрліктің ықпалы шектеулі": Ардагер ұстаз жүйедегі үлкен қайшылықты әшкереледі09:55, 03 қараша 2026
152
-
"Үлкен өзгеріс ендіреміз": Вице-президент Ерлан Қарин маңызды мәлімдеме жасады09:00, 03 қараша 2026
200
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6105
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5942
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4617
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4369
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3945
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3327
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3042
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3028
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2861