Осындайлардан қорғану үшін мүфтияттың мәртебесін көтеру керегін айтқан Қуат Қабдолла осы пікірін: “Қарасақ, елімізде қанша діни конфессиялар бар болса да, Мүфтияттан басқасының бәрі сырттан басқарылады. Сондықтан, осы қара шаңырағымыздың маңызын, рөлін арттыратын кез келді. Зайырлы мемлекет Түркияның өзі мешіттерді қамқорлығына алып, имамдарды еңбекақымен қамтамасыз еткен. Әлбетте, ол жерде, сонау Османиядан бері үрдіс алған уақып қорлары да жақсы дамыған. Сол себепті, Түркия Діни басқармасы бюджетінің жетпіс пайызы “Уақып” қорына тиесілі. Осы орайда, Жаңа Қазақстан болып жатқан кезеңде “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заңды қайта қарастыру қажет деп ойлаймыз. Атап айтсақ, елдің, Қазақстан мұсылмандарының тұтастығы үшін Мүфтият рөлін күшейтіп, ерекше заңмен қорғалуын қолға алу керек. Кешегі Алаш мемлекетінің алдыға қойған бес бағдарламасының бірі – дін болатын. Қазақ халқы қазақ болып тұруы үшін тілі, діні, дәстүрі сақталу қажет”, - деп түйіндейді.Біріншіден, қазіргі кезде дінге шүйлігу жағдайы неге көбейгенін зерттеп, анықтап алмаған автор бәлкім әлеуметтік желіні парақтамайтын болса керек. Қуат Қабдолла мырза, интернеттегі бүкіл әлеуметтік желіні шолып шығыңызшы. Мүфтият имамдарының жұртқа не деп уағыз айтып жүргенін көріп, білер едіңіз. “Қазақтың 70 пайыз сөзі - арабтыкі”, “намаз оқымағаның үшін ақша төле”, “қыздың 9 жасы- балиғат жасы”, “мектепте оқушы хиджаб кисін”... осындай және мұнан да сорақы уағыздарды айтып, әлеуметтік желіде сарнаған имам-уағызшылар жұрттың дінге деген құрметін жойды. Дінге қазір тәңіршілер ғана емес, кез келген көзі ашық, сауатты кісі шүйлігетін жағдайға жеттік. Келесі бір себебі - имандылықтың үлгісі болуға тиіс молдаларға қатысты ұятты, масқара жағдайлар жиіледі. Бала, әйел зорлау, ішімдікпен ұсталу, ақша ұрлау, талақ тастау сынды оқиғалар мүфтият молдаларының абыройын айрандай төкті. “Дінге шүйлікті” деп жұртқа кінә артпай, әуелі ниқаб, хиджабтағы қыз-келіншектер мен сәлделі имам-молдалардың әрекеттеріне назар салған жөн. Дін жолында жүрген кісінің әдепсіз әрекетін көрген кез келген қазақ “демек, бұл дін осыны үйретеді екен” деп ой түйіп, "олай болса, мұндай діннің қазаққа қажеті бар ма?" деген пайым шығады. Екіншіден, мүфтияттың мәртебесін көтеруді айтыпты автор. “Абыройы айрандай төгілді” деген сөз бар қазақта. Төгілген айранды ыдысқа қайта құйып алу мүмкін бе? Мүфтияттың қазіргі абырой, мәртебесіне қатысты осы “төгілген айран” мысалы жеткілікті болар. Абырой, мәртебе - базардан сатып алатын шапан емес. Абырой мен мәртебеге ие болу үшін, соған сай әрекет ету керек. Үшіншіден, түсінгеніміз, автордың ең негізгі айтпақ болғаны осы соңғы абзацта берілген сыңайлы. Алыстан орағытып, Түркияны мысалға ала отырып, түріктер имамдарға жалақы төлейтінін, арнайы қордан дінге ақша бөлінетінін алға тартады. Бұл сөздің астарында не жатыр? Біздегі мүфтиятқа да ел қазынасынан арнайы ақша бөлдіріп, қоғамдағы діннің қауқарын қаржылай күшейту керек пе? Дін туралы заңды қайта қарау мәселесі неден шықты? Осы екі мәселе нендей қажеттіліктен туындап отыр? Мүфтиятқа әр қазақстандық төлеген салығынан жырып қандай қызметі үшін ақша төлеуі керек? Әлеуметтік желіде қазақты ұлттығынан айыруға бағытталған уағыз айтып, сарнаған имам-молдалары үшін бе? Әлде “менің дінімде болмасаң,кәпірсің!” деп едіреңдеген дүмшелері үшін бе? Діннен тұтас мемлекетке, халыққа келетін пайда бар ма? Бар болса, қандай пайда? Соңғы 30 жылда діннің өркендеп, қанат жаюынан көрген қандай пайдамызды тізіп айта аламыз? Қара ниқабқа оранған қыздарымыз бен шоқша сақалы ербеңдеп, қысқа балағы далақтаған, агрессивті, қарғысшыл қауымды діннің үлгісі деп көрсетіп, мақтанайық па? Әлде тәуелсіз ел тарихындағы әр аймақта діншілдер жасаған лаңкестік оқиғалар мен Сирияға джихадқа аттанған жастарымызды төбемізге қойып, мақтанайық па? Қазақты қазаққа жау еткенімен қоймай, бір ғана Ислам дінінің өзі іштей қаншама тармаққа бөлініп, ырың-жырыңы шығып жатыр. Сенбесеңіз, ТикТоктың тікелей эфирлерін қарап шығыңыз. “Ақида”, “муджахит”, “муртад”, “мүшрик” дей ме, адам түсінбейтін сөздер мен біз танымайтын түрлі ғұламалардың кітаптары үшін таласып, тартысқан қауымды көресіз. Мүфтият өз міндетін дұрыс атқарып отырса, жұмысын істеп отырса, мықты болса, бекітілген Ханафи мазхабының бұл елде қатаң сақталуын қадағалайтын еді ғой?! Түк бітірмей отырған діни ұйымға халықтың аузынан жырып, ақша беру - қарапайым халыққа жасалған қиянат емес пе? Дін туралы заңды қайта қарастыру туралы ұсыныстың астарында не жатқанын бесіктегі бала да түсінер. Қорыта айтқанда, Қазақстанда Ислам дінінің ықпалын күшейтіп, түптеп келгенде билікке қол жеткізуді көксеу - сауатсыздық. Аз да болса, тарихи, саяси, құқықтық сауаты бар кісі Қазақстанның діни мемлекет болмайтынын түсінуге тиіс деп санаймыз. Дайындаған - Мәриям КЕНЕСАРЫ. Democrat.kz. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Мүфтияттың мәртебесі мен абыройын түсіріп отырған кім?
-
1,4 млрд теңгелік теміржол жобасы аяқталмай қалды: АФМ тергеу бастады18:00, 03 қыркүйек 2026
54
-
Алматыдағы трамплин құрылысының миллиондаған теңгесін жымқырды деп айыпталған адам ақталды17:30, 03 қыркүйек 2026
101
-
Конституциялық сот көпбалалы аналардың жәрдемақысына қатысты норманы тексереді17:00, 03 қыркүйек 2026
113
-
Қазақстанда жалпы құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба дайындалып жатыр16:30, 03 қыркүйек 2026
54
-
Ақбота Керімбекова көрген зорлық-зомбылығы туралы бар құпиясын ашты16:00, 03 қыркүйек 2026
140
-
Қазақстан Еуропаға балық экспортын 35 пайыздан астам арттырды15:30, 03 қыркүйек 2026
58
-
Мұғалімдер оқулықты қолдан жасап отыр: Желідегі видео жаға ұстатты15:00, 03 қыркүйек 2026
191
-
Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысының негізгі келісімшартына қол қойылды14:30, 03 қыркүйек 2026
60
-
Педагогтар министр Сүлейменованы қорғап, "педагогтар қауымдастығына" үдере қарсы шықты14:00, 03 қыркүйек 2026
392
-
Украина Ресей үстіндегі ұшулар қауіпті екенін ICAO-ға ресми хабарлады13:30, 03 қыркүйек 2026
60
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11463
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7496
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7316
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
6912
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
6197
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
5994
-
"Некесіз туған ұлы": Мейрамбек Беспаев туралы сұмдық суреттер тарады
16:00, 04 маусым 2026
5700
-
"Мейрамбекпен іштім, Қайраттың інісімен болдым" деген Жузи талайдың артын ашып жатыр
19:35, 13 маусым 2026
5544