Президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстаған. Алайда оның шешіміне Израиль премьері Биниямин Нетаняхудың ықпалы зор болды деп жазады Democrat.kz.
11 ақпан күні таңертең Трамп пен Нетаньяху Ақ үйдің Сопақ кабинетінде Иран мәселесін үш сағат бойы талқылаған. Президент уәзірлері сол тұста Тегеранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуді бастағанымен, Израиль басшысы соғыс жоспарының өзгермеуін талап еткен.
Трамп көпшілік алдында қарама-қайшы мәлімдеме жасағанымен, шын мәнінде соғысқа дайындық қызу жүріп жатқан. Тіпті Ақ үй әкімшілігі мен Пентағон Конгресс мүшелерінен де операцияның шынайы мақсатын жасырып, аятолланы ауыстыру туралы жоспарды жария етпеген.
Ақпан айының соңында Трамп Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменейге бағытталған шабуыл операциясын бекітіп, оған «Epic Fury» деген атау береді.
Сол сәттен бастап АҚШ пен Израиль Таяу Шығыста соңғы 20 жылдағы ең ірі әскери операцияны іске қосып, Иранның маңызды әскери нысандары мен ядролық орталықтарын қиратты. Әуе шабуылынан Иран басшысы Әли Хаменей қаза тауып, елдегі ахуал бақылаудан шықты...
ЦРУ жүргізген құпия зерттеу Хаменей қаза тапса, елді прагматик әскерилер басқаруы мүмкін деген қорытындыға келген. Осы болжам да Трамп әкімшілігінің ауқымды шабуыл жасау шешімін күшейткен.
Осы аралықта Трамп әкімшілігі мен Тегеран арасында жасалған келіссөз нәтиже бермеді. Трамптың бас кеңесшісі Жаред Күшнер мен АҚШ-тың бас мәмілегері Стив Уиткофф Тегеранның ядролық бағдарламадан бас тартпайтынын түсінген соң, келіссөз үміті үзілген.
Шабуылдың нақты күні ЦРУ-дың барлау операциясы арқасында анықталған екен. Олар Әли Хаменеидің сенбі күні таңертең Тегерандағы резиденциясында болатынын біліп, Иран билігін «басты нысанаға» алған.
Шабуыл ел күтпеген уақытта сенбі күні таңертең, жұмыс аптасы басталған кезде, балалар мектепте, ересектер жұмыста болған сәтте іске асырылған. Хаменейдің жақын ортасына «соғыс бола қалған жағдайда да жасырынбай, өз орнымда шейіт боламын» дегені белгілі болды.
Нетаняху Трампты Иран соғысына қалай көндірді
Коллаж: Democrat.kz.
-
1,4 млрд теңгелік теміржол жобасы аяқталмай қалды: АФМ тергеу бастады18:00, 03 қыркүйек 2026
54
-
Алматыдағы трамплин құрылысының миллиондаған теңгесін жымқырды деп айыпталған адам ақталды17:30, 03 қыркүйек 2026
101
-
Конституциялық сот көпбалалы аналардың жәрдемақысына қатысты норманы тексереді17:00, 03 қыркүйек 2026
113
-
Қазақстанда жалпы құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба дайындалып жатыр16:30, 03 қыркүйек 2026
54
-
Ақбота Керімбекова көрген зорлық-зомбылығы туралы бар құпиясын ашты16:00, 03 қыркүйек 2026
140
-
Қазақстан Еуропаға балық экспортын 35 пайыздан астам арттырды15:30, 03 қыркүйек 2026
58
-
Мұғалімдер оқулықты қолдан жасап отыр: Желідегі видео жаға ұстатты15:00, 03 қыркүйек 2026
191
-
Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысының негізгі келісімшартына қол қойылды14:30, 03 қыркүйек 2026
60
-
Педагогтар министр Сүлейменованы қорғап, "педагогтар қауымдастығына" үдере қарсы шықты14:00, 03 қыркүйек 2026
392
-
Украина Ресей үстіндегі ұшулар қауіпті екенін ICAO-ға ресми хабарлады13:30, 03 қыркүйек 2026
60
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11463
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7496
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7316
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
6912
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
6197
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
5994
-
"Некесіз туған ұлы": Мейрамбек Беспаев туралы сұмдық суреттер тарады
16:00, 04 маусым 2026
5700
-
"Мейрамбекпен іштім, Қайраттың інісімен болдым" деген Жузи талайдың артын ашып жатыр
19:35, 13 маусым 2026
5544